10.09.2022
  169


Автор: Рза Қунақова

Ақ қайыңдай иілем...

Ақ қайыңдай иілем,
Көрсем бота сəбиді.
Қылығына сүйінем,
Анасын ол таниды.
Суретіне күлімдеп,
Мəз болады балапан.
Ұмтыл көкке күнім тек,
Аяласын алақан.
Сүйгенімде сəбиді,
Күй кернейді көңілді.
Бағы сəби – əр үйдің
Жалғастырар өмірді.





Пікір жазу