10.09.2022
  256


Автор: Рза Қунақова

Күн шұғылалы туған өлкем....

Күн шұғылалы туған өлкем,
Мейірім толы жүзіңде.
Əр атқан таң
Нұрлы, көркем,
Бақыттымын өзіңде.
Мынау ғажап заманда
Күндей күліп жайнап тұрсаң.
Өз еліңнің адамына
Сөнбейтұғын жақтың нұр шам.
Гүлдер өсті шөлейт құмда,
Ғимараттар салынды сан.
Алтын қолды ерлер мұнда
Еңбегімен жалындаса.
Далаң дарқан, берекелі,
Күн күлімдеп төгер арай.
Əрбір жылым мерекелі,
Жемісі көп берер талай.
Күн шұғылалы туған өлкем,
Шаттық толы жүзінде.
Əр атқан таң нұрлы, көркем,
Бақыттымын өзіңде.





Пікір жазу