10.09.2022
  97


Автор: Рза Қунақова

ӨЗ ЕЛІМ

Жүрсем де қашан, қайда мен,
Туған жер, биік шоқтығың.
Кетсем де самғап Айға мен,
Қолымда жүрер шоқ гүлің.
Сылдырап жатса өзенің,
Тауларың маңғаз көрінер.
Жақсыға жомарт өз елім,
Бəрінен қымбат көрінер.
Өзіңе келіп кеңесем,
Жабықса жаным тарығып.
Кідірсем, ұзақ келмесем,
Күтесің сен де зарығып.
Өзіңе келіп тілдесем,
Жүректе жырым туласа.
Қадіріңді сонша білмес ем,
Сенде өсіп, сенде тумасам!





Пікір жазу