10.09.2022
89
Қайта туып...
Қайта туып,
Құлпырған өңі жайнап,
Қарт Таласым – құт мекен, еркін аймақ.
Қаратаудан қаралы көш көрінбес,
Егілмейміз бүгін біз «Елім-айлап».
Жасадың, жайсаң Талас, неше ғасыр,
Сен жырлар жүректе бар тұнба сыр.
Қарыз болып қалмайды ақын қызың,
Жеткізеді ертеңге салтыңды асыл.
Өзіңе арнап жыр жазып сан қызындым,
Көгіңде тұр күлімдеп алқызыл гүл.
Ұлдарыңды үлгі етіп ұрпағыңа,
Адал досы болармын əр қызыңның.