10.09.2022
114
ЫРҒАЙТЫ
Мөлдіріңе талай жудым жүзімді,
Топырағыңнан табам əлі ізімді.
Өзіңде өткен балалықтың базары,
Сағындырып келеді əлі қызыңды.
О, ерке өзен, ақ толқынды Ырғайтым,
Келді кезің өз ақының жырлайтын.
Сен секілді дарияға асыққан
Мен бір бұлақ ағысынан тынбайтын.