meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  10.09.2022
  160


Автор: Рза Қунақова

Құрметтеймін елімнің жақсы салтын...

Құрметтеймін елімнің жақсы салтын,
Сенім артар маған да анам, халқым.
Алатау, төл балаңмын мен өзіңнің,
Кір келтірмен атыңа, берер антым.
Көңілім шарықтаса басылмай бір,
Сол кезде мен жазамын жасындай жыр.
Тартса керек ерлігім бір өзіңе,
Ақын қызың ешкімге бас ұрмай жүр.
Маған ыстық сенің əр тал, терегің,
Бір өзіңнен табылар бар керегім.
Өлең де сен, Алатау, өнер де сен,
Сенсің менің өмірімнің нəр-қорегі.





Пікір жазу