10.09.2022
148
![](/uploads/shorttexts/author_image/2234cd6c875503b01034923f72fc9a7a.jpg)
ТУҒАН ЖЕР
Жүрсем де қашан, қайда мен
Туған жер биік шоқтығың.
Кетсем де самғап Айға мен
Қолымда жүрер шоқ гүлің.
Сылдырап жатса өзенің,
Тауларың маңғаз керілер.
Жақсыға жомарт өз елім –
Бəрінен жақсы көрінер.
Өзіңе келіп кеңесем,
Жабықса жаным тарығып.
Кідірсем, ұзақ келмесем,
Күтесің сен де зарығып.
Өзіңе келіп тілдесем,
Жүректе жырым туласа.
Қадіріңді сонша білмес ем,
Сенде өсіп, сенде тумасам!