10.09.2022
156
ҚЫЗЫЛТАУЫМ
Осы бір тау таныс маған жасымнан,
Талай-талай гүл тергемін басынан.
Балалықтың базарында бақытты
Үйшік жасап ойнағанмын тасынан.
Қызылтауым, сен қызылсың мəңгілік,
Бұлбұл сайрап, атар мұнда таң күліп.
Ақын қызың сандуғаштай сайраған,
Мəңгі өтер бір өзіңді əн қылып.
Қызылтауым, қызыл деген атың бар,
Жырға қосып, əн арнаған ақындар.
Қанға, жанға ыстық келер туған жер,
Сені мəңгі жырлайтұғын хақым бар.
Терең еді өзен қазған сайлары,
Өтті жылдар, өтті апта, айлары.
Бауырында, колхоз, совхоз түрленіп,
Бүгін, міне, Қызылтауым жайнады.
Жасыл шалғын көк өзенді етегі,
Ата-анамның ежелдегі мекені,
Маңдай тері таудың тасын балқытқан,
Өз елімнің сезілді ыстық екені.