10.09.2022
  118


Автор: Рза Қунақова

ТУҒАН ЖЕР

Тау арасы туып өскен өз елім,
Ырғайтым бар жасыл көгал өзенім.
Ойнақ салып өстім сенің бойыңда
Көрмей сені қалай ғана төземін.
Өзен бойы теңселген көк құрағың,
Дүниеге келген осы тұрағым.
Айнадайын жатушы еді жалтырап,
Сыбдыр қағып сылаңдаған бұлағың.
Ақшоқының елестетем жар-тасын,
Бүгіп жатқан арыстандай жотасын.
Қандай ыстық топырағың, туған жер,
Жыр жазайын, сағынышым тарқасын.





Пікір жазу