10.09.2022
  339


Автор: Рза Қунақова

ҰЛЫ ОТАНЫМ

Ұлы Отаным – бақыт теңдік ордасы,
Болашаққа бастай-тұғын жол басы.
Жүрек те бір, тілек те бір бауырмыз,
Барлық ұлттың ұл-қыздары – жолдасым.
Жүзеге асты бар арманым аңсаған,
Отанымнан бақыт тапты қанша адам.
Əр күн сайын өмірімде өзгеріс,
Əрбір таңды жаңалықпен қарсы алам.
Елдік туым желбіресе төбемнен,
Бейбіт, ашық аспанымды көрем мен.
Соның күміс сəулесінен нəр алып,
Дарқан далам алтын дəнге бөленген.
Старт алып Байқоңырдан аспанға,
Замандастар шеру тартты жасқанбай.
Болды екінші мекеніміз көк аспан,
Ер ұшқыштар талай оған жол салған





Пікір жазу