10.09.2022
253
ҚАЗАҚСТАНЫМ
Қазақстан десем:
Көз алдымда көгілдір таулар тұрар,
Шетсіз, шексіз жайнаған баулар тұрар.
Сыңсыған ақ қайыңдар, жасыл орман,
Мен үшін сен отты жыр, асыл арман.
Қазақстан десем:
Бойымда күш, жігер мен шабыт тасыр,
Кең жазира дарқан жер ұлан асыр.
Көз жіберсем ұлан-ғайыр кең далама
Мың сан сурет тұрады қызыл, жасыл.
Қазақстаным –
Көгімнен күн күлімдейді,
Жамбылдың отты жырын кім білмейді?!
Оқиды оны украин, қарақалпақ,
Грузин мен белорус пен бар ел жалпақ.
Қазақстан десем:
Бауырлас, қимас туыс елім жатыр,
Мұхиттай түпсіз терең көлім жатыр.
Нұрынан елдігінің жаралғандай,
Достық гүлі əлемге таралғандай.