10.09.2022
109
ЖОЛАЙЫРЫҚ
Жанарыңа жас толып,
Айдалаға телміріп..,
Бір толағай басталып,
Қабағыңа қонды бұлт.
Тұла бойды тұмшалап,
Ашылмады-ау мына күн?
Құбыламда – құмсағат.
Құзырыңда құлағым.
Ашылмадың сен де, еркем,
Ғашық жаның қайда ізгі?
Әлемдегі ең көркем,
Қыз емес пе ең Ай жүзді?!
Ашылмай тұр неге күн?
Табылмай ма бір айлаң?
Айтсаң етті себебін.
Қайтсаң етті райдан?
Кірпігіңнен жас тамды..,
Жаумай қайтсін мына күн.
Бұлт торлады аспанды.
Мен де...
Мен де жыладым...