10.09.2022
  175


Автор: Исраил Сапарбай

МЕНІҢ ӘЛЕМІМ...

Ешбір адам шеше алмаған
Жұртқа тылсым жұмбағым бар.
Ешбір адам кеше алмаған,
Балғын, шалғын, гүл бағым бар.
Жан иесі аша алмаған
Сәулетті алтын Сарайым бар.
Ешбір адам баса алмаған
Мамыр мақпал маңайым бар.
Ешбір ақын жаза алмаған
Дәуірнама – дастаным бар.
Бақытымды базарлаған
Адал, абзал достарым бар.
Ешбір жанға шертілмеген
Арзуым бар, арманым бар.
Етек-жеңін жел түрмеген
Жаннан әзіз жан жарым бар.





Пікір жазу