meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  10.09.2022
  164


Автор: Исраил Сапарбай

Саған ғана сиындым мен.

Саған ғана сиындым мен.
Махаббаттың Тәңірісі.
Қияметтен қиын білем,
Басқа түскен тағдыр ісі.
Шын ба, әзіл ме, неге ойнадың?
Әлі күнге таңғаламын.
Нені білдің?
Нені ойладың?
Әлде... бар ма таңдағаның?
Көзіме оттай басылмайды,
Келсін көктем бүгін, мейлі.
Бір солған гүл ашылмайды.
Бір өлген жан тірілмейді..





Пікір жазу