meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  10.09.2022
  190


Автор: Исраил Сапарбай

Етігің де қып-қызыл, орамал да...

Етігің де қып-қызыл, орамал да...
Тола батып сен кеттің топ адамға.
Көз көргенім көшенің көмейіне
Осылайша күмп беріп жоғалар ма...
Енді қайтып белгілі көре алмасым,
Енді қайтып белгілі оралмасың.
Көкемайлап қаларсың,
Көзмоншағың.
Көл түбіне шым батып жоғалғасың...
Көріп қалып көрмеуге қиясың ба,
Көрмеген соң көшеге сиясың ба?
Көшеге де, маған да көзін салмай,
Күн де асығып барады ұясына..





Пікір жазу