10.09.2022
  96


Автор: Исраил Сапарбай

Бейне пейіш пішінде –

Бейне пейіш пішінде –
Баку бағын бағалап,
Жүретұғын түсінде
Хорасанды аралап.
Жайды ма екен құшағын
жағалауға белгісіз –
Ғажап еді түсі оның,
Шындығыңа бергісіз..
Жанарына жас ұйып,
Күй кешті ақын шат, ізгі...
Сағдиға бас иіп,
Медет тұтты Хафизды!
... Жаныма мұң ендіріп,
Жапа шеккен жайым бар.
Есенин боп енділік
жыр жазады қайыңдар.
Ока бойын оқалап,
жасыл желек, жайнарсың...
Хорасанға махаббат –
Тағдырыма айналсын!.





Пікір жазу