10.09.2022
  135


Автор: Исраил Сапарбай

ОТЫРАР ОЙЛАРЫ

Сексеуілдің бұтағына ілініп,
Ілдаллалап тұрғандайын бір үміт.
Таудай-таудай бархандардың астында
Қанша жандар шәйіт болды қырылып...
Олар егер келер болса тіріліп,
Ортамыздан жол берер ме ек жырылып.
Құм астында кімдер қалды құмығып..,
Қызғалдақтай қыл мойыннан жұлынып???
Хорезм де қанды көйлек киініп,
Қыршынынан қалған бір кез қиылып...
...Күнге де сен күдікпенен қарайсың,
Ескендірдің қабағындай түйіліп!..





Пікір жазу