10.09.2022
141
«КӨКТЕМДЕРДІ ЖЕТЕЛЕП ЖАЗҒА...»
Мен – шайырмын, Абдулла Шермін,
Ұрпағымын бабам Барластың.
Артымда – шер, мұң,
Алдымда – Жер, Күн,
Асыранды емен, еркін, арда өстім.
Аһ ұрғызған заманның күші
Аяп кеттім адамды ғаріп...
Қарап тұрмай,
қаламның ұшы
жүрегіме қадалды барып.
Лағнет айтқан кездерім аз ба,
Мұра ете алмай мирас күндерді.
Көктемдерді жетелеп жазға,
Уақытпен сырласқым келді.
Арзу айтып ақ арман – құсқа,
Құс жолына ғашық болдым мен.
Кірпіктерім қадалған тұсқа
Жұлдыздарды шашып қалдым мен.
Шөп басын бір сындырмай кеткен
Көңілімді бұзар көп қой күндерім...
Жылдардың сазы сыңғырлай жеткен
Өзегіме енді өрт қойды менің.
Сөйлеймін бүгін кезегімді алып,
Қайырып көшін көне күндердің.
Өмірдің ащы өзегін жарып,
Отаным, сен деп өлеңімді өрдім!