10.09.2022
  130


Автор: Исраил Сапарбай

Мен аңсаған, білем, бақыт, алда әлі...

Мен аңсаған, білем, бақыт, алда әлі,
Оңай ма екен оның қолға қонбағы?
Кейде қатал, кейде жұмсақ тіл қатып,
Мені әр күнім келешекке жалғады.
Кейде жүрек жас балаша алданды
Жасыл жайлау жұмақ санап жалғанды.
Қайран жүрек, аңқау, аңғал қалпымен
Қасірет шегіп,
қайта жолға қамданды..
Мен аңсаған, білем, бақыт алда әлі,
Бүгінгісі – тек қана оның толғағы!





Пікір жазу