10.09.2022
  157


Автор: Исраил Сапарбай

МАХАББАТ ПЕН ҚАЛАМ

Алпысында қартайды деп ақынды
Артық айтып кейбіреулер шатылды.
Алпысыңнан асқанымен сол ақын
Жас жігіттей әлі ширақ болатын.
Махаббаты – жанға дару, сүйініш,
Қаламсабы – қолға қару, сүйеніш..,
Үкім айтып тұрса үнемі жыр соты,
Қартаюға қайдан болсын мұрсаты?!





Пікір жазу