10.09.2022
  345


Автор: Исраил Сапарбай

АДАЛ БАЛА

Келе жатыр еді жолда жас ұлан,
Екі кісі жанай берді қасынан.
Деді бірі: «Айтар болсаң өтірік,
Ақша берем қос қалтаңа толтырып».
Деді бала: «Емеспін мен кембағал,
Аға, байқап сөз сөйлеген жөн болар.
Кім сенеді жалған сөйлеп тұрғанға,
Айтыңызшы, өтірікте құн бар ма?
Өтірікті салып жүрген саудаға,
Өзіңізді жын ұрғаннан сау ма, аға?..
Жалған сөзге жалаң сөзді қосыңыз,
Жетпей жатса, қарыз берсін досыңыз...»





Комментарии

Ақтоты
Ақтоты 07.11.2022 18:51
Өте керемет

Пікір жазу