10.09.2022
  186


Автор: Исраил Сапарбай

КІТАП

Әр көңілдің арзуы мен сырласы –
Жақсы кітап білген жанның шын досы.
Қасиетін, өсиетін ұққанға,
Кітап болып сыр ашады Лұқпан да.
Дертке дауа, жанға дірмән, көзге нұр –
Кітаппенен аршылады тез көңіл!
Әр бәледен қорғап жүрер қамқорың
Кітап – мәңгі қаруың мен қалқаның.
Жас кезіңнен көңіл бөлсең сен егер,
Кітап – сенің адал досың, сене бер!





Пікір жазу