10.09.2022
187
ОҚЫ
Көзіміздің алдындағы әрқилы,
Аспап, бұйым келген оқу арқылы.
Алтын, күміс... жер астынан алынған
Бәрі, бәрі оқуменен табылған.
Жетем десең арман, мұрат, мақсатқа,
Оқу оқы, өмір тоқы жас шақта!
Назарыңа ілікпестен ғазалым,
Надандықтың тартып жүрме азабын.
Болам десең елдің ерек мақтаны,
Мектепке кел, үздік оқы, хат таны!