10.09.2022
  235


Автор: Үмітай Сәтжанқызы

Сенім және сену

Сеніміңмен мұратыңа жетесің,
Сеніміңмен досқа сүйікті екенсің.
Сеніміңмен жасампаздық жаратып,
Сеніңмен сеңді бұзып өтесің.
Сенім кейде селге ағызса қайғырма,
Жағаға ұмтыл, қарсы жүзіп айдынға.
Айрылсаң да бақытыңнан, тағыңнан,
Сеніміңнен, үмітіңнен айрылма.
Сенімсізбен серт жасасып келіспе,
Сенімсізбен ой қосып, сыр бөліспе.
Қиып түсіп қиындықты қылыштай,
Берік сенім жеткізеді жеңіске.
Тұрған шақта жас ғұмырдың оралы,
Көңіл шараң сан орталап толады.
Жаным деген жаныңдағы жарыңа,
Сенуге де, сенбеуге де болады.





Пікір жазу