10.09.2022
  129


Автор: Үмітай Сәтжанқызы

Махаббатым

Тізгінінен тартып аңқау ақылдың,
О, махаббат гүл бағыңа шақырдың.
Есім кетіп, еркіңе елпек жүгіріп,
Серуендеп сері таңды атырдым.
О, махаббат, маған ғажап ұнадың,
Өзің болдың ынтызарым, құмарым.
Келер-кетер дүниені ұмытып,
Көзім жұмып құшағыңа құладым.
Өзіңе бар қымбатымды сыйладым,
Өзің үшін жылы ұямды қиғамын.
Белім талып, төгіп ыстық терімді,
Өзің еккен жемісіңді жинадым.
О, махаббат бағындырдың құл еттің,
Әміріңде адалдықпен күнелттім.
Кейде аялап мерейімді асырсаң,
Кейде нахақ шырылдаттың, күйзелттің.
Болса да сан жәбірленген кездерім,
Бар ынтаны өзбойыңнан іздедім.
Қойғасың ба дұғаңменен дұғалап,
Махаббатым, бірақ сенен безбедім.
Сен болмасаң парқы бар ма пенденің,
Сен болған соң сезімге ерік бермедім.
Махаббатым болсаң мәңгі баянды,
Демес едім еш нәрседен кендемін.





Пікір жазу