10.09.2022
  100


Автор: Исраил Сапарбай

ТҰТҚЫН

Түнеремін түнек түрме ішінде –
Торға түскен бала қыран пішінде.
Отырғысы келмейтіндей торда аман,
Серіктесім... әлденеге ол алаң.
Олай шоқып, былай шоқып жемтігін,
Сыртқа алаңдап, басар емес ентігін.
Тас бекінген тастүлектің кейпіндей:
«Көр түнектен көкке ұшайық!» дейтіндей.
Оның рас,
Қанатыңның асты – көк.
Тастүлекке жараспайды тастүнек!!!
Таудан асып,
Көк теңізге көлбеген
Самғап ұшып кетейікші сен де мен!..





Пікір жазу