10.09.2022
  87


Автор: Исраил Сапарбай

ЛЕНКА

Жалқау қызды Ленкадай,
Айтыңдаршы, кім көрген?
Өзі шолжаң, еркетай,
Сүйретіліп жүргенмен.
Айтсаң, тілді алмайды,
Оңалатын түрі жоқ.
Жұмысқа да бармайды,
Оқуға да қыры жоқ.
Бара жатыр жаман боп,
Жалқау, нәумез түрі әні.
Үлкен-кіші маған кеп
жалынса деп тұрады.
Тырысқақ та, ұрысқақ,
Тым көкірек, тым өршең.
Кез келгенмен жұлыспақ,
Еркіне егер жіберсең.
Адам болып, обал-ай,
Енді қашан үлгірер?
Қаңыраған қорадай
Үйіне ертең кім кірер?





Пікір жазу