10.09.2022
90
АНЯ МЕН ИВА
– Перімісің, сайтанбысың?
Пысықпысың, жалқаумысың?
Анясың ба, Ивасың ба? –
Айта қойшы, кім қасыңда?
– Ивамын ба, Анямын ба,
Керек болсам, танып алғын.
Нәзікпін бе, толықпын ба,
Семізбін бе, арықпын ба –
Керегі бар кімге оның?
Артық сөз ғой бұл дегенің!
Мен – Анямын.
Ал, Иваңыз –
Әлі құйттай сәби нағыз.
– Әпке деймін Аняны,
Ол да мендей сәби әлі.
Жасы үштен жаңа асуда,
Мен – екілер шамасында.
Енді қайтып жаңылмаңыз,
Мені Ива деп қабылдаңыз!..