10.09.2022
  161


Автор: Исраил Сапарбай

ӘН

Жаның ләззәт табатын,
Ән ғой шипа, даруың.
Жауға қайрап салатын –
Керек кезде қаруың.
Балқып, еріп жан-денең,
Елжірейді жүрегің.
Тыңдай білсең, ән деген –
Сиқыр әлем, бір өмір.
Дабылдатып дауылдай
бойға қуат дарытар.
Сіркіретіп жауындай
көзден жас та ағытар.
Тылсым сазды тың ырғақ
Бойға тарар шымырлап.
Әннен асқан сұлу жоқ!
Әннен артық ғұмыр жоқ!





Пікір жазу