10.09.2022
  113


Автор: Исраил Сапарбай

ӨРIК ДӘНЕГI

Тыншып тынған тауға да,
Сыңсып тұрған бауға да,
Жандыға да жансызға,
Қара тастай қамсызға,
Шаш етектi шалғынға,
Балауса гүл – балғынға,
Құлан иек таңға да,
Жыланирек жолға да,
Құзар шыңға, құзға да,
Мұзартқа да, мұзға да,
Балшыққа да, баққа да,
Шалшыққа да, қаққа да..,
Бәр-бәрiне үн берсе,
Үнмен қоса тiл берсе,
Көкейдегi зар-мұңын.
Тал қармаған тағдырын,
Дүниенiң тарлығын..,
Бәрiн, бәрiн, барлығын
Бiр сәтте айтып үлгерсе…
Әсiресе,
(Құдайым, басқа бермешi)
Өрiк дәнегiнiң зарынан
Құлағымыздың пердесi
Жарылар едi-ау, жарылар!!!





Пікір жазу