10.09.2022
  79


Автор: Исраил Сапарбай

Аттанып жүрсең алқасың...

Аттанып жүрсең алқасың,
Топтанып жүрсең торқасың.
Мүлгiп те жүрсең мiскiнсiң,
Қалғып та жүрсең қаңқасың.
Серiктiң бәрi серi емес,
Желiктiң бәрi жел емес.
Алқаның бәрi ағайын,
Тайпаның бәрi ел емес.
Жұмылып жүрсең жүрексiң,
Түңiлiп жүрсең түнексiң.
Сүрiнiп жүрсең – сүмелек,
Бiрiгiп жүрсең бiлексiң.
Жалғыздың жауы – көпшiлiк,
Жалмауыз жауы – тоқшылық.
Арлының жауы – арамдық,
Жарлының жауы – жоқшылық.
Тiрлiк пен бiрлiк тiзелес,
Қисықты қыңыр түземес.
Еркектiң бәрi ер емес,
Еркенiң бәрi қыз емес.
Орманның түбi – бiр шыбық,
Арманның туы – тiршiлiк.
Адамның досы – адалдық,
Алланың досы – құлшылық!





Пікір жазу