10.09.2022
119
АБАЙЛАН
Абайлан, балам, абайлан,
Алды-артыңа қарайлан.
«Абайлан» деген Абай да
Тақсiрет тартқан талайдан...
Тар кезең келсе, дос-жаран
Табыла бермес маңайдан.
Анадан жаңа туғандай,
Ауызын қаптың буғандай,
Әңгiме шықпас әтектен,
Мәмiле шықпас малайдан.
Арқырап барып басылар,
Ағзаның зәрiн асырар,
Ауыздың дәмiн қашырар
Ашыған удай ақ айран.
Зейнетiң қашса қасыңнан,
Бейнетiң асса басыңнан,
Ащы тер ағар самайдан.
Қауымның мынау iшiнде
Жауыңның барын тағы ойлан.
Айтқаным осы келмесе,
Үйiрiң қайда кешегi
Үйiңнен татқан талай дәм?
Сыртынан көрсең жалтырақ,
Iшiне кiрсең қалтырақ
Абайлан алтын Сарайдан.
Күндердiң күнi болғанда,
Айласыз мынау жалғанда
Алдыңнан тосып алатын
Ажалға қандай бар айлаң?
Абайлан, балам, абайлан..