10.09.2022
122
АУЫЛҒА СӘЛЕМ АЙТА БАР
Сәбидей күлiп бiр шуақ алдан,
Желегiм қашан жайқалар?
Алқасын тiзiп сыңсыған, Арман,
Ауылға сәлем айта бар.
Сыңсып бiр ұшқан шағала ма едi,
Қанатын бұлтқа шалдырған.
Жазғыра гөрме, жан ана, менi
Табаным тайса тағдырдан.
Қалқаның ұшты-ау алқасы көзден,
Сағындым мақпал майсаны.
Қазымыр шалдай малтасын езген
Қаланың қазақ қай сәнi?
Тоқымдай жердiң толғағы қысқан
Көңiлiм қалай жай табар?
Тобықтай ғана тордағы құстан
Ауылға сәлем айта бар.