10.09.2022
  101


Автор: Исраил Сапарбай

ЕРКIНДIК

Жарыққа құлшын,
Жабықпа, құсым.
Жалғыздық жайын жаңа ұққанбысың?
Қара түн байып,
Ғайып болғанда,
Қанатың жайып қалықтармысың!?
Қапасқа, торға қамалған құсым,
Тағдырыңды, әлде тән алғанбысың?
Тоныңды торда тоздыра бермей,
Аспани жаққа алаңдармысың?..
Еркiндiк дәмi таңдайыңда ма?
Сананың дертi – сарғаю ғана!
Қия салушы ең жаныңды отқа,
Ұя салушы ең тал, қайыңға да...
Жайыла қалса қылыш-қанатың,
Қуыста құзғын құныстанатын.
Бұйығы шыңның бүйiрi қызып,
Бұлттан балқып күмiс таматын!
Алланың мынау аспаны кем бе,
Бағыңды сына, басқаны көр де!
Қашанда тор мен қапасы дайын
Қанаттылардың қас жауы жерде!!!





Пікір жазу