10.09.2022
88
Ұры-қары iзiндей
Ұры-қары iзiндей
Ит құйрығы бiр тұтам.
Ұстараның жүзiндей
Әдiл сөздi пiр тұтам!
Тер шығармай Салкүрең,
Тегiн бәйгi алмақ па?
Айтарыңды алдымен
Сары алтындай салмақта,
Жантықтардың шырағы –
Жалтаң қаққан жасық көз.
Көр көмейден шығады
Көңiрсiген сасық сөз.
Ащы түтiн абайсыз
Ағызады көзден жас.
Ақымаққа рабайсыз
Айтқаныңмен сөз қонбас.
Жазалыға, жазғанға
Қалай, қайтiп ем қонар?
Адам азып-тозғанда
Көрiнгенге жем болар.
Төгiп өттi жаңбырын
Төңiрекке ақсұр бұлт...
Талайлардың тағдырын
Тәңiрсотқа тапсырдық...