10.09.2022
  104


Автор: Исраил Сапарбай

Жарық күн – жалған, жасанды....

Жарық күн – жалған, жасанды,
Алдана берем қашанғы?
Қағiлез қасап – қу заман
Шашымды ал деп ем, бас алды.
Басым жоқ, екi иық бар,
Сұмырай, сұрқай сиық бар.
Күледi мимырт күйiме
Мысық мұрт, мысқыл миықтар.
Басым жоқ, екi аяқ бар,
Құлқыма құзғын тояттар.
Тебедi келiп бiр-бiрiн
Телiсiз, тексiз саяқтар.
Басым жоқ,
Иә, жоқ басым!
Обыр да тобыр отбасым!
Нойыстың ноқай өзiмiн
Сыпырып алған ноқтасын!





Пікір жазу