10.09.2022
111
ЖАЛҚАУ ҚАЗАҚ
Әттең-ай,
Өкiнiштi,
Өкiнiштi-ақ...
Қалғаным Шексiздiктiң шетiн ұстап.
Желкемнен жекiредi жендеттейiн
Аптаның жетi күнi – жетi қыспақ.
Жетi күн өте шықты желден жүйрiк,
Бұл өзi қай тараптан келген бұйрық?
Жайдақы жабы мiнген Жаманбайдай
Жалқаулық жатып алды-ау кеудемдi үй ғып.
Күз дедiм жер де, көк те алабажақ,
Қыс дедiм сары аязы санаға жат.
Көк тасы Самарқанның ерiсе де,
Сен неге селт етпейсiң, қара қазақ?
Жетi күн өте шықты тағы... тағы...
Өмiрiм алмағайып, әбi-тәбi.
Жетi атам жетi жақтан жетiп келiп
Әкемдi... әй, бiр күнi танытады!!!