meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  10.09.2022
  107


Автор: Исраил Сапарбай

Қасiреттiң қаншығы

Қасiреттiң қаншығы
Әуселемдi әуiр ғып,
Жүрегiмдi жаншыды
Қорғасындай ауыр жүк.
Сонда-дағы, сорлым-ай,
Сенi аяйтын халде емен.
Көз алдымда – солғын Ай,
Көр iшiнде – жан-денем.
Алдым да артым мұнар мұң,
Алмағайып жол – қатер.
Көрден қашан шығармын?
Айға қашан қол жетер?..





Пікір жазу