10.09.2022
  97


Автор: Исраил Сапарбай

Ел еңсесi естi ұлды

Ел еңсесi естi ұлды
Езетiнi қинайды.
Тiршiлiктен бес күнгi
Безетiнi қинайды.
Не өлi емес, тiрi емес,
Көкiректi бiр елес
Кезетiнi қинайды.
Соны көнбiс көңiлдiң
Сезетiнi қинайды.
Куыс жерге қу жүрек
Қуып тықсаң, сыймайды.
Сөйте жүрiп өмiрдi
Қимайтының қинайды.





Пікір жазу