Iшiнде қазымыр мен әккiлердiң
Iшiнде қазымыр мен әккiлердiң
Қалайша қамсыз ұйықтап, шат күлермiн?
Қайрылған қанатынан құсты көрдiм,
Айрылған санатынан тақты көрдiм.
Iшiнде жүргендейiн жат бiр елдiң
Түбiне тұңғиықтың батты көңілiм.
Қолынан Құран қашқан қартты көрдiм,
Тұнжырап, тұман басқан бақты көрдiм...
Соққанмен кызыл сөзден қызыл қамал,
Қамалды көргенiм жоқ бұзылмаған...
Жерiдiм сайқал, сайтан саясаттан
Желкемнен күнi-түнi ызыңдаған!
Жүйрiгiн Батыраштар баптағалы
Адыра қалды аққудың аппақ әнi!
«Бай-байлап» аза шегiп айдалада
Ақан жүр Құлагерiн жоқтап әлi...
Ақанның Арқаны асқан әнi – қайғы,
Ақынның жанталасқан жаны – қайғы.
Пақырға аспандағы наны – қайғы,
Патшаға астындағы тағы – қайғы.
Жамылып жатамын да қалың ойды,
Аңсаймын кешегi өткен Абылайды,
Көктегi Құдайсың ба,
Күн, Айсың ба,
Бүгiнде ешкiмдi ешкiм танымайды.
Жә, мейлi, танымаса, танымасын!
Несiне жазған жүрек жанығасың?
Әр қазақ – бiр-бiр Құдай,
Амалың не,
Қуыршақ құдайларға жарығасын!.