10.09.2022
  121


Автор: Исраил Сапарбай

ҚАЙЫРШЫНЫҢ КҮНI

Өлмешiге өмiр сүру тым қымбат,
Таңның мұңын тақпақтайды түнгi ырғақ...
Бiр күнде мың құбылады дүние,
Құрғыр тиын құлағымда сыңғырлап.
Қиял кезiп құлан жетпес қиырды,
Құрық ұстап қуалаймын құйынды...
Алшы тұрған асығыма балаймын
Азық-ауқат азын-аулақ тиынды.
Майлы ас жемей жұбана ма аш қарын?
Өзi бiлсiн ойлайтындар бас қамын:
Өлмешiге Өмiр деген – талқармау,
Қайыршыға Өлiм деген – қас қағым.
Көкжиектiң тарылғанын көргенде,
Көңiл шындап болады екен шерменде.
Қызыл көрген қырғи құстай шүйлiгiп,
Қырсық шiркiн қыр соңымнан ерген бе?!
Озсам дейдi қудан пысық, байдан бай...
Аз ғана ми ашып кеттi-ау айрандай!
Айтты-айтпады..,
Жанталасқан жайым бар,
Айдалада Айға алақан жайғандай!..





Пікір жазу