10.09.2022
  96


Автор: Талап Қараш

Сағыныш

Қара жолға қараймын,
Ізі қалған талайдың.
Қараңдаған жан көрсем,
Жан анама балаймын.
Күлкісі жарық нұр еді,
Жаралған жырдан жүрегі.
Жалған сөзді білмейтін
Мінезін жұрты біледі.
Қас-қағым екен өткен шақ,
Бүгінге жеткен өткел сап .
Әйнектен сыртқа қараймын,
Анашым жаққан отты аңсап.
Қас қарайып барады,
Ауыр тартып қабағы.
Есік жаққа беттейін,
Сағынышым қағады...





Пікір жазу