10.09.2022
120
Нұролла Ғазизовтың рухына
Саз әлемнің қайталанбас тұлғасы,
Шәмші, Әсеттің өнердегі құрдасы.
Аңсап жеткен жетпісіне асығып,
Нұролланың сазын елім тыңдашы.
Қобызының үнін жары сағынды,
Бетке алып арман елес сағымды.
Бір жарқ етіп өте шықтың фәниден,
Кір шалдырмай пенделікке арыңды.
Бейне теңіз тыншымаған әлемі,
Толқындардан жаратылған жан еді.
Әзіл айтып жүрген кезде жымиып,
Тыйылатын жамандардың әлегі.
Саз әлемнің ойлы ұшқыр баласы,
Күй аңсап жүр көңілімнің сағасы.
Нұролла-ән биігімде самғаса,
Нұрға толар егіз дүние арасы!