10.09.2022
97
Қарындасым үй алғанда
«Үмбет аға» үміт жібін жалғадың,
Көңіл сарай жарқыратып шамдарын.
Қуаныштың күйін салып саусағым,
Көк жүзінде қыран құс боп самғадым.
Анам қайтып келгендей бір толқыдым,
Жыр теңіздің қуып асау толқынын.
Хан бәйгеде қара үзіп келген бір,
Құлагердің жыртқан тағдыр қолтығын.
Бұлтты жарып шықты тағы жарық күн,
Елең қылмай қыспақ сынын нарықтың.
«Ән Әсетін, Ән Шәмшісін» халқымның,
Тебірендім «Ләззәт әннен» танып мың.
Жалға-жалға арман жырын анаңның,
Қарындасым әр күніңе алаңмын.
Үйіңе ендің анаң аңсап көп күткен,
Ақ батасын алып жаңа заманның...