10.09.2022
88
Жыр-жаңбыр
Түні бойы жаңбыр құйды-ау
сіркіреп,
Келер күннен әлдеқандай
сыр тілеп.
Алматыға төнген ала
бұлттарды,
Жатыр мүмкін жыр анашым
сілкілеп.
Енді аз күнде көк шығады-ау
дүркіреп,
Ауылдың да аспан тауы
күркіреп.
Оянады қыста ұйықтап
қалған сай,
Жылы қардың сылқ-сылқ күлген
жұрты кеп.
Қосағаштың, Ұзынағаштың
бұлты кеп,
Алматыға жаңбыр құйды-ау
сіркіреп.
Жалғасындай болып жылы
нөсердің,
Ала келдім алдыңа елім
жыр тілек!