10.09.2022
184
Күй -Тұлпар
Ағытып жіберейін күй тұлпарды,
Ілесіп кер заманға ұйқым қалды.
Ал, енді қуып жетіп көрсін мені,
Тәубаға түсірейін жұлқынғанды.
Қандырайын айызын шөлдегеннің,
Сындырып сүйегін шөп-шөңгелердің.
Хан бәйгіде күмбірлеп, қара үзіп,
Күтіп алсаң жұртым-ау мен келермін.
Күй-тұлпар орғып өтші қамалдардан,
Жасалған пенде қулық амалдардан.
Күй айтып берді бізге бебеу қағып,
Аңызды жеткен алыс замандардан.
Аңдатады өмір – түс, өрі нені,
Бір айналым алдымда көрінеді.
Мәреге жақындаған күй-тұлпардың,
Жал құйрығы жалтылдап төгіледі..