10.09.2022
91
Түңілу теориясы
Мен де шаршадым,
Сен де шаршадың.
Бір ауық дамылдап,
Жылылық аңсадың.
Олар да алдады,
Бұлар да алдады.
Мансаптың есегін,
Тағы да жалдады.
Олар да бөледі,
Бұлар да бөледі.
Пайдаға кенеліп
Теңге үшін өледі..
Шаршадың, сеземін!
Келмей бір кезегің.
Жалғаннан безініп,
Жер бетін кеземін..
Шаршадым, сеземін!