10.09.2022
  192


Автор: Талап Қараш

Шардара

Сағындым көлбеп жатқан Шардараны,
Көгінен ақ жауын боп тамған әні.
Лықсыса толқындары жағаны ұрып,
Бір сұлу көзін маған аударады.
Ойымнан кетпей жүр ғой шағала әні,
Теңізге мұңын шаққан даладағы.
Өзіңде өткерген көп тәтті күндер,
Жамау боп жүрегіме жамалады...





Пікір жазу