10.09.2022
134
![](/uploads/shorttexts/author_image/img-album-1515150916-1534855701371.jpg)
Советхан Әбубәкіровке
Өз еліңнің қамын аға ойладың,
Эколгия сырына терең бойладың.
Бөле жара ала қашпай олжаңды,
Табысыңды дос - туғанмен тойладың!
Қартайдым деп түсірмедің еңсеңді,
Әр ісіңе аспан менен жер сенді.
Гүлдендіріп жүруші ең ғой дүниені,
Есік қағып жақындатып ертеңді.
Ғалия ана, бекем берік болыңыз!
Үзілмесін бейнет бақыт жолыңыз.
Алда жалда түс көрсеңіз бір жаман,
Әрқашанда жақсылыққа жорыңыз!