10.09.2022
89
Бір танысқа
Тау емес бір төбесің,
Мешел қалған төресің.
Бықсыған су отындай,
Түбінде бір сөнесің.
Шулы өзен боп ағасың,
Жыртып дала жағасын.
Ебін тауып жалма-жан,
Аққа күйе жағасың.
Шиқ-шиқ етіп күлесің,
Ит боп кейде үресің.
Түбін ін ғып таулардың,
Ұзақ өмір сүресің..